2018 жылы медициналық көмек көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына барлығы 1519 денсаулық сақтау ұйымы өтініш берген. Оның 45 пайызы (686) жеке меншік клиникалар болып табылады.

«Жеткізушілердің дерекқорын қалыптастыру жұмыстары өте жоғары нәтиже берді деуге болады. Қор акционерлері бекіткен Даму стратегиясында жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдарын мейлінше көбірек тарту жөнінде міндет жүктелген болатын. Дерекқор қалыптастыру жұмыстарының нәтижесі бұл мақсатқа қол жеткізуге болатынын көрсетіп берді», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова бейсенбі күні Алматыда сақтандыру жүйесін енгізу мәселелеріне орайластырылған жиында.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын биыл алғаш рет қалыптастырып отыр. Оған медициналық көмектің негізгі көлемін көрсететін жеткізушілер де, медициналық қызметтің жекелеген түрлерімен айналысатын қосалқы денсаулық сақтау ұйымдары да енгізілді. Денсаулық сақтау нысандарының дерекқорымен МСҚ ресми сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімі арқылы танысуға болады: http://fms.kz/ru/select-medical-inst

Дерекқор тұрақты түрде жаңартылып отырмақ. Сондықтан белгілі бір себептермен базаға қосу туралы өтініш беріп үлгермеген денсаулық сақтау мекемелері де алдағы уақытта тиісті құжаттарын тапсырып, дерекқорға қосыла алады. Өтініштер үш жұмыс күні ішінде қаралады. Қор Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде пайда болған қызмет көлемін дерекқорға жариялайды.

Медициналық ұйымдар өтініш беруде үлкен белсенділік танытты. Өткен жылғы сатып алу науқанымен өтініш берген субъектілер саны бір жарым есеге артты.

Халықты емдеу мекемелеріне тіркеу науқаны – алдағы жыл үшін медициналық қызметтерді сатып алу процесінің заңды жалғасы. Тұрғындар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға биылғы қыркүйек айының он бесі мен қарашаның он бесі аралығында тіркеле алады.

Тіркеу науқаны кезінде азаматтар емхананы еркін таңдау құқығын пайдалана алады. Ал, медицина ұйымдары әр дәрігерге қанша жүктеме түсетінін және алдағы жылы жан басына шаққанда түсетін қаржы көлемін айқындау үшін осы екі айда тіркелген халық санын нақтылап алуы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғындар емханаға барып немесе «электронды үкіметтің» e-gov.kz порталы арқылы тіркеле алады. Тіркелу үшін жеке куәлік пен емхананың бас дәрігері атына жазылған өтініш талап етіледі.

Ал, емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеледі. Тіркеу науқаны туралы толық мәліметті Қордың fms.kz сайтынан немесе әлеуметтік желідегі прақшаларынан алуға болады.

22.09.2017
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
В АСТАНЕ ЖУРНАЛИСТАМ ПРЕЗЕНТОВАЛИ НОВУЮ МОДЕЛЬ ПЕРВИЧНОЙ МЕДПОМОЩИ
АСТАНАДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Астана қаласының №5 қалалық емханасында баспасөз туры өтті. Оған журналистер мен БАҚ өкілдері қатысып, жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысып, елордадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуы перспективаларын талқылады.
25.07.2025
ИП И ОСМС-2025: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ ПРО ВЗНОСЫ И ЛЬГОТЫ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР МӘМС ТӨЛЕМДЕРІ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Жеке кәсіпкерлер үшін МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлеу маңызды. Себебі бұл сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін мәртебені сақтауға септігін тигізеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2025 жылы жарналарды қалай дұрыс әрі ыңғайлы төлеу керектігін түсіндірді.
24.07.2025
ТОП ВОПРОСОВ ПО ОСМС
МӘМС ТУРАЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмек алу мәселесі бойынша жиі қойылатын сұрақтардың жаңа топтамасын дайындады. Олардың басым бөлігі сақтандыру мәртебесіне қатысты.
22.07.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу